13 қазан 2020 07:19

Атырауда карантин күшейтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Атырау облысында 2020 жылғы 12 қазан сағат 00:00-ден бастап COVID-19-дың эпидемиологиялық ахуалы тұрақтанғанға дейін шектеу шаралары ұзартылды. Аймақтың бас санитар дәрігерінің қаулысы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырау облысында 2020 жылғы 12 қазан сағат 00:00-ден бастап COVID-19-дың эпидемиологиялық ахуалы тұрақтанғанға дейін шектеу шаралары ұзартылды. Аймақтың бас санитар дәрігерінің қаулысы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді:

Қоғамдық тамақтану орындарының, мейрамханалар мен кафелердің, сондай-ақ ірі супермаркеттердің жұмыс уақыты 22.00-ге дейін қысқарады;

Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жалпы жұмыс жасау уақыты 17.00-ге дейін қысқарады;

Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желілерінің қызметіне, азық – түлік бөлімдері мен дәріханаларды қоспағанда жұмыс жасау уақыты сағат 22:00-ге дейін қысқарады;

Жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың,спорт секцияларының, спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметі тоқтатылады;

Саяхаттау катерлер қызметі (өзен трамвайы) тоқтатылады.

Демалыс және мереке күндері:

Азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда және ойын-сауық орталықтарының (бутиктер), сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметі тоқтатылады;

Азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың қызметі тоқтатылады;

Қоғамдық орындарда маска тағу режимін сақтау маңызды болып қала береді!

Толығырақ ведеомствоның ресми сайтынан таныса аласыз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети