16 шілде 2019 13:22

Атырауда көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болған қызды тұрғындар аман алып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mgorod.kz © mgorod.kz

Атырауда қыз бала көпқабатты үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен секірмек болған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"


Атырауда қыз бала көпқабатты үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен секірмек болған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"

Өткен сейсенбіде полицияға Махамбет көшесінің бойындағы үйлердің бірінде қыз бала төртінші қабаттан секіргелі тұр деген хабарлама түскен. 

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер қызды аман алып қалу шараларына кіріскен. Құқық қорғау органдарына екі жігіт көмектесті. Біреуі балкондар арқылы төртінші қабатқа дейін өрмелеп барып, қызды ағашпен үйге итеріп жіберген. 

Полицейлер қала тұрғындары Есенбай Қайыров пен Михаил Катаровқа алғыс хат беріп те үлгерген. Қыз баланың жағдайы қандай екені белгісіз. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети