Атырауда опырылып түскен жатақхананың видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда опырылып түскен жатақхананың видеосы пайда болды ©Рахима Қойлыбаева

Желіде Атырау қаласында ішінара қираған үйдің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.TV. Ғимараттың қирап жатқан сәті бейнеленген роликті YouTube желісіне Azta нигіндегі қолданушы жүктеді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Атырау қаласында ішінара қираған үйдің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.TV. Ғимараттың қирап жатқан сәті бейнеленген роликті YouTube желісіне Azta нигіндегі қолданушы жүктеді. 

Отбасылық типтегі жатақхана Баймұханов көшесінің бойында орналасқан. Құтқарушылардың айтуынша, түскі уақытта жатақхана тұрғындары ТЖ департаментінің кезекші бөліміне хабарласып, үйдің қабырғасында сызат пайда болғанын айтқан.

"Үйден ондаған адам эвакуацияланды. Эвакуациядан кейін жарты сағаттан соң үйдің екі қабаты, 15-20 минуттан соң үшінші қабаты құлады", - деді департаменттегілер. Дер кезінде эвакуациялаудың нәтижесінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар болмады. Ведомствоның хабарлауынша, 100 бөлмелі жатақханада нақты неше адам тұратыны әзірше белгісіз. Баспаналарынан айырылған тұрғындар жергілікті жатақханалардың біріне уақытша көшірілді. Қазір ғимарат маңын полицейлер қоршауға алды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course down  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети