04 қараша 2016 20:09

Атырауда Ресеймен шекаралас ауыл халқы үшін пойыз жүре бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Атырау облысында Ресеймен шекаралас ауылдардың тұрғындары облыс орталығына пойызбен келуге мүмкіндік алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Атырау облысында Ресеймен шекаралас ауылдардың тұрғындары облыс орталығына пойызбен келуге мүмкіндік алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Шекара маңындағы 4 ауылдың тұрғындары облыс орталығына келу үшін бұрын біраз әуреге түсетін. Аймақ басшылығының араласуымен бұл мәселе шешімін тауып отыр. Атырау-Астрахан пойызына 2 тіркеме вагон қосылып берілді.

"Бұрын облыс орталығына жету өте қиын болатын. Мына жерде Шортанбай, Құрманғазы, Дина Нұрпейісова, Қиғаш елдімекендері бар. Бәріміз қалаға таксимен қатынайтынбыз. Қазір бәрі оңайлады. Осы жерден билет сатып алып, пойызбен жетіп қалатын болдық. Аймақ басшылығына рахмет!", - дейді Дина Нұрпейісова аулының тұрғыны Әлімғали Исмайылов.


Ауыл тұрғындары бұған дейін Атырау қаласына жету үшін Құрманғазы ауданының орталығындағы жалғыз бекетке баратын.

Айта кетейік, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев шілде айында Құрманғазы ауданына 4 күндік жұмыс сапармен барып келген болатын. Сапар барысында аудан тұрғындары аймақ басшысының алдына көптеген мәселелер қойды. Солардың бірі болып аталған 4 ауыл тұрғындарына темір жол стансасының керектігі сөз болған еді. Кездесуде аймақ басшысы, бұл жерге пойыз тоқтатудың қаржылық тұрғыдан тиімсіз екенін, әйтсе де қарапайым халықтың қамы үшін жергілікті бюджеттен субсидия бөлетіндігін айтқан еді. Арада бір ай өткен соң – қыркүйек айында мәселе шешімін тауып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети