14 тамыз 2014 18:11

Атырауда Ұлыбритания азаматының өлі денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tengrinews.kz ©tengrinews.kz

Атырау қаласынан Ұлыбритания азаматының мүрдесі табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Атырау қаласынан Ұлыбритания азаматының мүрдесі табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Көз жұмған Ұлыбританияның азаматы 1965 жылы туылыпты. Оның мүрдесі жатаханадан табылған. Алдын-ала жасалған болжамдар бойынша бұл азамат жүрек талмасынан қайтыс болуы мүмкін" - дейді ІІД-нің қызметкерлері. Полиция қазаның себеп-салдарын анықтау үшін сүйекті сот-медициналық сараптамадан өткізуге жіберген. Бұл ұлыбритандық азаматтың Қазақстандағы "Атырау-Болашақ" компаниясында жұмыс жасайтыны артынан белгілі болды. 

Естеріңізге саламыз, 2013 жылы Атырауда 27 жасар Габон республикасының азаматшасы отбасылық жанжал кезінде 55 жасар ұлыбритандық күйеуін пышақпен жаралап тастаған еді. Жарақат алған Ұлыбританиялық азамат емханаға жеткізілген болатын. Бұл отбасылық жанжал қаланың ортасындағы қонақ үйлердің бірінде орын алған-ды. Ұлыбритандық азамат шетелдік бір компанияда инженер-технолог болып қызмет жасаған екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети