26 қыркүйек 2014 21:41

Атыраудағы форумда экономикалық ынтымақтастықты дамытуға көңіл бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ntv.ru Фото ntv.ru

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин Атырау қаласында өтетін екі елдің аймақаралық ынтымақтастығы форумында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин Атырау қаласында өтетін екі елдің аймақаралық ынтымақтастығы форумында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 30 қыркүйекте Путин Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді. Бұл ретте ол Назарбаевпен бірге екі елдің аймақаралық ынтымақтастығының 11-форумына қатысады. Айта кетейік, Назарбаев пен Путиннің алдағы кездесуі биылғы жетінші кездесу болмақ. 

Шараның жұмыс тәртібінде Назарбаев пен Путин екі жақты кездесуде пленарлық отырыс өткізіп және бірлескен құжаттарға қол қоймақ. Сонымен қатар екіжақты әңгіме барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын арттыру келешегіне және Кедендік одақ, ЕЭО, ТМД аясында 10 қазанда Минск қаласында өтетін көпжақты шараларға қатысуға әзірлік мәселесіне көңіл бөледі деп күтілуде.

Атырауда өтетін форумның тақырыбы "Көмірсутек саласындағы инновациялар" деп аталады. Бұл шараға министрліктер мен ведомстволардың басшылары және Қазақстан мен Ресейдің іскерлік орта өкілдері де қатысады. Назарбаев пен Путиннің қатысуымен өтетін аймақаралық ынтымақтастық форумы 2003 жылдан бері Ресей мен Қазақстанда кезекпен өтіп келеді.

2013 жылы Екатеринбургте өткен аймақаралық ынтымақтастықтың 10-форумында Назарбаев пен Путин Қазақстан мен Ресей арасында ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы кең ауқымды келісімшартқа қол қойған. Бұдан бұрын Парламент Мәжілісі "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасын  қолға алған. Бұл құжаттың қорытындысы 10 желтоқсанда дайын болады. Еске сала кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа Астанада 29 мамыр күні қол қойылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети