Атырау облысында түйе қырылды: Себебі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында түйе қырылды: Себебі анықталды © Azh.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері Атырау мен Маңғыстау облыстарының маңындағы түйенің қырылу жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Мой Город".  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері Атырау мен Маңғыстау облыстарының маңындағы түйенің қырылу жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Мой Город".  

Министрліктің мәліметінше, Атырау облысының мал дәрігерлері бірнеше зерттеу жүргізген. Сараптамалар қорытындысы түйелердің танауындағы шынымқұрттардан қырылғанын көрсетті

"Атырау облысында 3-28 шілде аралығында 19 түйенің өлімі тіркелген. Ал бүгінде жағдай тұрақты, барлығы өңірлік мал дәрігерлік қызметтің бақылауында. Сондай-ақ, соңғы күндері жүргізілген сараптамалар жануарлардың аса қауіпті ауруға шалдықпағанын көрсетті. Ал Маңғыстау облысындағы түйелердің өлімінің алдын ала себебі - олар алкалоидтерден (құрамында азоты бар органикалық зат) уланған", - делінген министрліктің хабарламасында.

Еске салайық, мұның алдында Атырауда бірнеше түйенің қырылып жатқаны жайлы хабарланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети