Ауа райы: Қазақстанда апта соңына қарай аяздың беті қайтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райы: Қазақстанда апта соңына қарай аяздың беті қайтады ©Kazakhstandaily.com

Қазақстанда аязды ауа райы 27 мен 29 қаңтар аралығында да болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда аязды ауа райы 27 мен 29 қаңтар аралығында да болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Қазақстан территориясына қарай жылжыған күшті антициклон ауа температурасының климаттық нормадан 8-15 градусқа төмендеуіне әкеп соқты. Түнде ауа температурасы республикада 33-39 градусқа дейін түсті, Шығыс Қазақстанның кей жерлерінде 41 градус, оңтүстік облыстарда 23-34 градус аяз. Алдағы үш күнде Қазақстанда антициклон сақталады, онымен бірге аяз да қайтпайды. Тек 29 қаңтарға таман антициклон бұзылып, Алтайға қарай жылжи бастайды, сол кезде аяз бәсеңсиді", - деп хабарлады синоптиктер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда ақпан айының ауа райы аязды болатыны хабарланды. Синоптиктердің болжамынша, қыстың соңғы айында ауа температурасы нормаға сай, тек Атырау мен Маңғыстау облыстарында нормадан 1-2 градусқа төмен болады деген болжам бар. Аязды күндер әсіресе Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жиі болады. Ал Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында жауын-шашын көп түседі. Синоптиктердің хабарлауынша, Қарағанды мен Павлодар облыстарында аз мөлшерде жауын-шашын болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети