23-26 қаңтар күндері республиканың барлық дерлік аумағында ауа температурасы күрт төмендейді, "Қазгидромет" кәсіпорны соған байланысты облыстарда ескерту жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 23-25 қаңтар күндері Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында ауа температурасы 20-25, кей жерлерде 29-34 градус аязға дейін төмендейді. "22 қаңтар күні тәулік бойы және 23 қаңтар күні түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, 22-24 қаңтар күндері Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қар жауып, боран болады, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге жететін күшті жел соғады. 23-27 қаңтар күндері ауа температурасы 22-27, кей жерлерде 34-тен 30-35 градусқа дейін, тіпті, 38 градус аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.
Мамандардың мәліметінше, 24 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында жаңбырдың арты қарға ұласып, көктайғақ болады, тұман түседі, кей жерлерде жауын-шашын мол болады. Оңтүстік-шығыстан және солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. 24-27 қаңтарда бұл өңірлердің кей жерлерінде 23-28 градусқа дейін аяз болады.
Қызылорда облысында 24-26 қаңтар күндері түнде 17-22, кей жерлерде 25-30 градусқа дейін аяз болатынына байланысты ескерту жарияланды. Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" кәсіпорны еліміздің солтүстік, шығыс және орталық бөлігінде ауа температурасының 40 градусқа дейін төмендейтінін хабарлаған еді.