Қазақстанда 40 градус аяз болады

20 Қаңтар 2015, 11:37
0
Қазақстанда 40 градус аяз болады - ©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 40 градус аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Қазақстанға аяз демалыс күндеріне қарай келеді. Солтүстікте, шығыста және орталық Қазақстанда ауа температурасы 40 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр", - деп хабарлады синоптиктер. "Қазгидромет" өкілдері республиканың батысында ауа райы 25-30 градусқа дейін, ал оңтүстігінде 25 градусқа дейін төмендеуі мүмкін екенін атап өтті. 

Бұған дейін республика аумағына Ресейдің арктикалық теңіздерінен суық ауа келе бастайтыны хабарланған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай