02 мамыр 2017 10:35

Ауа райы: Бірқатар аймақта тұман болады және шаңды дауыл тұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© news.cn © news.cn

Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 2017 жылғы 2 мамырда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультациясын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 2017 жылғы 2 мамырда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультациясын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Болжамға қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауады, калған аймақтарында жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі, шаңды дауылмен желдің күшеюі болады.

"Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде және таңертен Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауылмен желдің күші 15-20 м/с болады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді", - делінген болжамда.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соққан желдің күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде -1-3°С, күндіз +16+18°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +2+4°С, күндіз +14+16°С болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети