12 маусым 2015 | 16:41

Ауа райы: Демалыс күндері бұршақ жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©News.gazeta.kz ©News.gazeta.kz

Демалыс күндері еліміздің бірқатар өңірінде бұршақ жауады деп күтіліп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Демалыс күндері еліміздің бірқатар өңірінде бұршақ жауады деп күтіліп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, Қазақстан аумағында қайтадан Еуропалық Ресейдің солтүстік-батыс аудандарынан суық атмосфералық фронт келеді. "Осы фронтпен республиканың көптеген облыстарында демалыс күндері және келесі аптаның басында найзағайлы жаңбыр, кей жерлерде бұршақ өтеді, солтүстік-батыс жел жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін күшейеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, солтүстікте және орталықта жексенбі күні, шығыста және оңтүстік-шығыста дүйсенбі күні кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Ауа температурасы төмендейді және климаттық нормадан 3-5 градусқа төмен болады. Тек Қазақстанның батыс облыстары антициклон ықпалында болады, онда жауын-шашынсыз және ыстық болады.

Еске салайық, кеше Астана қаласында бұршақ жауып, жаңбыр сіркіреді. Алайда табиғаттың тосын мінезі көпке созылған жоқ. Біршама уақыттан кейін күн қайта шығып, елорда тұрғындарының көңілін көтерді. Бұдан кейін әлеуметтік желілерде бұршақ жауған сәт түсірілген видеолар көбейді.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети