01 маусым 2015 12:56

Ауа райы: Екі облыста найзағай ойнап, жел күшейеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gorod-uspeha.com © gorod-uspeha.com

Маусымның 2-4 аралығында Қазақстанның батысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Маусымның 2-4 аралығында Қазақстанның батысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте батыс және солтүстік облыстарда өткінші, найзағайлы жаңбыр жауады. Сонымен қатар, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 13-20 метрге дейін жетеді. Алайда ауа температурасы жоғары күйінде сақталады. Ал шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарда антициклон таралады, бірақ мұнда да күн ыстық болады.

"Алдағы үш тәулікте Қазақстанның барлық аумағында температура нормадан 3-10 градусқа жоғары болады деген болжам бар. Елімізде жаздағыдай ыстық ауа райы орнады. Максималды температура демалыс күндері 30-35 градусқа дейін көтерілді, батыста және оңтүстікте 38-40 градус болды, бұл нормадан 3-6 градусқа, ал батыста және солтүстік-батыста 7-10 градусқа дейін жоғары. Қазақстанның тек шығысында және оңтүстік-шығысында ауа температурасы орташа көп жылдық нормадан 2-5 градусқа төмен болды", - делінген хабарламада.

 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети