Ауа райы: Еліміздің бірқатар өңірінде бұршақ жаууы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Синоптиктер жексенбі, 29 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер жексенбі, 29 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, ертең, 29 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады, тек солтүстік пен шығыстың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстікте жел күшейіп, шаңды дауыл болады, түнде және таңертең солтүстікте, орталықта және шығыста тұман күтіледі, күндіз солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.

"Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, шаңды дауыл болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты жел, шаңды дауыл, түнде және таңертең кей жерлерде найзағай болып, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында найзағай болып, бұршақ жаууы ықтимал", - деді синоптиктер.

Сонымен қатар, Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, күшті жел болып, бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман болып, желдің күшеюі күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course up  533.94  course up  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer