Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Ауа райы: Қаңтардың соңғы күндерінде де аяз болады

28 Қаңтар 2015, 13:45
0
©Марат Әбілов
©Марат Әбілов

Қазақстанда аязды күндер әлі де біразға созылады, қаңтар айының 29-31-і күндері жауын-шашынсыз әрі ызғарлы болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК болжамдарына сілтеме жасап. 

"Қуатты антициклонның орталығы Моңғолияға ауысты, бірақ оның Қазақстанның ауа райына ықпалы сақталады. Қаңтардың соңғы күндері республиканың барлық аумағында жауын-шашынсыз әрі суық болады", - делінген метеорологтердің мәліметінде. 

Ауа температурасы климат нормасынан 3-8 градусқа төмен болады, Қазақстанның солтүстігі мен шеткері батысында ғана температура нормаға жақын болады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда осы аптаның соңына қарай аяздың беті қайтатыны хабарланған еді. "29 қаңтарға таман антициклон бұзылып, Алтайға қарай жылжи бастайды, сол кезде аяз бәсеңсиді", - делінген болатын. Қазақстан аумағына қарай жылжыған күшті антициклон ауа температурасының климат нормасынан 8-15 градусқа төмендеуіне әкеп соқты. Синоптиктер ақпан айының қарлы әрі аязды болатынын да хабарлады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай