24 сәуір 2015 16:24

Ауа райы: Қазақстан аумағында демалыс күндері жаңбыр жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tapsiholog.com.ua ©tapsiholog.com.ua

Демалыс күндері еліміздің барлық аймағында күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 21-23 сәуірге арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстік бөлігі белсенді фронттық аймақ әсерінде тұр, осыған орай өңірде найзағайлы өткінші жаңбыр болуы мүмкін.

"Демалыс күндері және дүйсенбі күні жаңбырлы бұлтты ауа-райы сақталады. Оңтүстік облыстар арқылы суық фронт өз жолында жаңбыр, найзағай, желдің күшеюін тудыра отырып, жылжитын болады", - делінген хабарламада.

Метеорологтардың мәліметі бойынша, ауа райы процестердің ауысуы республиканың барлық аумағында температураның климаттық нормадан 2-5 градусқа дейін төмендеуіне әкеп соғады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети