09 қазан 2020 09:31

Ауа райы: Қазақстанда қыркүйекте бірнеше рекорд тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда қыркүйекте бірнеше рекорд тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.


Қазақстанда қыркүйекте бірнеше рекорд тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәлімтетінше, биыл қыркүйек айының басы жаздың жалғасы болды, себебі барлық аймақта термометр 27-33 градусты көрсетті, ал елдің батысында ауа температурасы 39 градусқа дейін жоғарылады. Бұл күндері ауа райы климаттық нормадан 7-9 градусқа жылы болды дейді мамандар.

"3 қыркүйектен бастап Қазақстанның солтүстік-батыс жартысында, содан кейін елдің қалған өңірлерінде ауа температурасы 10-19 градусқа төмендеді. Күрт салқындаудың себебі Скандинавия аймақтарынан келген суық антициклон болды. Бірінші және үшінші онкүндіктің соңында Солтүстік-Шығыс өңірлердің жекелеген аудандарында және Қазақстанның орталығында түнгі уақыттарда 1-4 градусқа дейін, ал Іле Алатауының таулы аудандарында 3-6 градусқа дейін аяз болды", - дейді синоптиктер.

Сондай-ақ, "Қазгидромет" өкілдерінің айтуынша, қыркүйекте Қазақстанның солтүстік жартысында, шығысы мен батысында жауын-шашынға көп жауды, бір айда нормадан 1,3-3,6 есеге асып түсті. 

"Қостанай қаласының метеостанциясында айлық норма 25 болғанда, онда 27 миллиметр тіркелді. 19 қыркүйекте Солтүстік циклонның әсерімен және  Атырау метеостанциясында екі айлық нормадан аса жауын жауған - 20 миллиметр, Орал метеостанциясында тәулігіне 28 миллиметр (норма 27) жауын-шашын жауған. 23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан метеостанциясында да жаңбыр жауды, айлық норманың жартысынан көбі 13 миллиметр (бір айдағы норма 22) жауған. Павлодарда дәл осындай циклонмен келесі тәулікте қатты жаңбыр жауып, айына 21 норма кезінде 16 миллиметр жауын жауған", - дейді синоптиктер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети