28 мамыр 2015 | 16:21

Ауа райы: Қазақстанның батысында 43 градус аптап ыстық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның батысында алдағы демалыс күндері ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Осыған байланысты синоптиктер ескерту жариялап отыр.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның батысында алдағы демалыс күндері ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Осыған байланысты синоптиктер ескерту жариялап отыр.

"Күндіз 31 мамыр-1 маусымда Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде 40-43 градус өте қатты ыстық болады деп күтіліп отыр", - делінген "Қазгидромет" кәсіпорнының хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның басым бөлігінде 28-30 мамыр аралығында күннің ыстық болатыны хабарланған еді. "Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде жаздағыдай ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы орнады. Бұл орташа көпжылдық мәннен 3-7 градусқа жоғары, күндізгі температура 30-35 градусқа дейін, кейбір жерлерде 38 градусқа жетті. Бірақ антициклонның әсерінен республиканың басқа аймағында да жылы, күндіз ауа температурасы 20-30 градус, ал оңтүстік-шығыста 35 градусқа дейін жылынады, ол нормадан 2-4 градусқа жоғары, жекелеген аудандарда өткінші жаңбыр болуы мүмкін", - деп хабарлады метеорологтар.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети