17 сәуір 2020 17:44

Ауа райы коронавирустың таралуына әсер ете ме? Министрлік жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті басқармасының басшысы Зәуреш Жұмаділова күн жылығанда коронавирус жұқтыру жағдайлары азамайтынын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Климаты біздің елден өзгеше басқа елдерде әлі күнге дейін коронавирус тарап жатыр. Меніңше, коронавирустың таралуы ауа райына байланысты емес. Біздің халық сақтық шараларын ұстанбай жүре берсе, біз инфекцияның таралуын тоқтата алмаймыз. Басқа елдердің тәжірибесіне қарасақ, ауа температурасы жоғары елдерде, мысалы Иран және тағы басқа сол сияқты күн ыстық елдерде дерттің азаюына климат жағдайлары әсер етіп жатқан жоқ", - деді Зәуреш Жұмаділова брифинг барысында.

Күннің жылуы коронавирусты жоя алмайды - ғалым

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 1480-ге жетті. Ал вирустан жазылғандардың саны - 306.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети