Қазақстанда ақпанның 24-26-сы аралығында күн суық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Қазақстанда ақпанның 24-26-сы аралығында күн суық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
"Баренц теңізінің үстіндегі циклон шығысқа ығысып, онымен байланысты атмосфералық таралымдары бар барийлі қойнау Қазақстан аумағының оңтүстік-шығысына ауысады. Онымен бірге солтүстік, шығыс және орталық облыстардың кей жерлерінде қар жауады. Оңтүстік аймақ жақын арадағы екі күнде оңтүстік циклон әсерінде болады, үшінші күні, яғни 26 ақпанда осы аудандар да солтүстік аудандардан ауысқан суық фронттардың аумағында болады. Мұнда жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады", - деп болжайды синоптиктер.
Сонымен қатар, "Қазгидрометтің" мәліметінше, Қазақстанның батысындағы антициклон, солтүстіктен келетін ауа массаларының арқасында күшейеді және ақырындап шығысқа қарай жылжиды, жауын-шашын тоқтайды, ал температура республика бойынша қайта төмендейді. Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда ақпан айы қарлы әрі аязды болады деп болжаған еді. Қыстың соңғы айында ауа температурасы нормаға сай, тек Атырау мен Маңғыстау облыстарында сақталады және қалған өңірлерде ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа төмен болады деп хабарлады метеоролтар.