Қазақстанда алдағы үш күнде жылы ауа райы сақталады, - деп хабарлайды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
Қазақстанда алдағы үш күнде жылы ауа райы сақталады, - деп хабарлайды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
"Күнтізбеде қыс әлі біткен жоқ, ал көктем келіп қойды. Қазақстанда ақпан бойы нормадан тыс жылы ауа райы сақталып тұрды. Өткен тәуліктерде республикадағы ауа температурасы климат нормасынан 3-10 градусқа жоғары болды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар, синоптиктердің айтуынша, жақын арадағы үш тәулікте Қазақстандағы ауа райына антициклон әсер ететін болады, сондықтан көптеген облыстарда жауын-шашынсыз, түнгі және таңғы уақыттарда тұман болады. Тек шығыста және оңтүстік-шығыста 26 ақпанда жауын-шашын және көктайғақ сақталады. Ауа температурасы бұрынғыдай нормадан жоғары.
Бұған дейін Қазақстанда наурыз айының суық болатыны, тек айдың ортасына қарай күн ақырындап жылына бастайтыны хабарланған болатын. Синоптиктердің болжауынша, ақпан айының соңғы аптасында күн суық болады, бірақ жауын-шашын жаумайды. Тек солтүстік-шығыс өңірдегі кей жерлерде қар жауып, боран соғады және қатты жел соғады. Сонымен қатар, бұл өңірде түнгі ауа температура 15 градусқа дейін төмен түседі деген болжам бар. Оңтүстікте 10 градусқа дейін суық болады.
Наурыз айының басында Қазақстанның ауа райына антициклон әсер етеді. Солтүстік-шығыстан басқа өңірдің барлығында күн ашық болады. Көктемнің алғашқы күндерінде солтүстіктегі түнгі ауа температура 8-18 градусқа, күндіз 5 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстікте түнгілікте 2-12 градус суық, күндіз 0-10 градус жылы болады.