23 қараша 2015 12:40

Ауа райы: Таяуда елімізде күн жылынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vfl.ru © vfl.ru

Таяу күндері елімізде ауа температурасы айтарлықтай көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 24-26 қарашаға арналған ауа райы болжамын жария етті.


Таяу күндері елімізде ауа температурасы айтарлықтай көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 24-26 қарашаға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, тропосферада орналасқан ауа массасының батыстан-шығысқа қарай көшуі Қазақстанның солтүстік бөлігінде температураның анағұрлым көтерілуіне әкеп соқты. Егер өткен аптада температура нормадан 8-13 градусқа төмен және түнде 30 градус аяз болса, алдағы үш күнде Атлантика аудандарынан ауысатын жылы ауа массаларының әсерінен республиканың барлық аумағында температура климаттық нормадан 3-10 градусқа жоғары болады.

"Сонымен қатар, көптеген облыста бұлтты ауа райы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста Сібір антициклоны тау сілемдерінің әсерінен жауын-шашын күтілмейді, түнгі және таңғы уақытта тұман болады", - деп хабарлады метеорологтар.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер қараша айында ауа райының қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, күздің соңғы айы қарашада ауа райы жауын-шашынды болады, жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети