08 ақпан 2021 | 18:02

Ауа райына байланысты бірнеше облыста "Жедел байланыс желісі" ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райының нашарлауына (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, қарлы боран) байланысты Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында "Жедел байланыс желісі" ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ауа райының нашарлауына (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, қарлы боран) байланысты Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында "Жедел байланыс желісі" ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли "Жедел байланыс желісі" ашылғанын хабарлап, төтенше жағдайда төменде көрсетілген нөмерлерге хабарласуға болатынын айтты.

ТЖМ:717 2 53 32 84
Ақмола облысы ТЖД: 8 716 2 55 14 84
Қарағанды облысы ТЖД: 8 721 2 51 72 23
Павлодар облысы ТЖД: 8 718 2 20 11 12.

Айта кетейік, 7 ақпаннан бастап ауа райының қолайсыздығынан республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан - Петропавл тасжолының жабылуына байланысты Нұр-Сұлтан және Щучинск қаласынан шығар жолда ұзын-сонар көлік кептелісі жиналған болатын.

ТЖМ және ТЖД дағдарыс орталығында жедел әрекет ету және ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыруға жедел штаб құрылды. Ақмола облысы ТЖД және Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД "112" пультіне тұрғындардан ақпараттық сипаттағы 5500-ге жуық қоңырау келіп түсті, оларға белгіленген тәртіппен көмек көрсетілді.

ТЖМ өкілі тұрғындардан ауа райын бақылап, ескерту туралы хабарламаны тыңдап, қажетті сақтық шараларын қолдануды сұрады. 

"Қазавтожол" ҰК сайтында тасжолдардың толығымен жабық учаскелер картасын көруге болады. Не болмаса 1403 я құтқару қызметінің "112" телефон нөмірінен, сондай-ақ "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети