09 ақпан 2021 11:36

Кейінгі тәулікте 29 адам мен 10 техника қар құрсауынан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ТЖМ баспасөз қызметі © ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Өткен тәулікте елімізде 29 адам мен 10 техника қар құрсауынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Өткен тәулікте елімізде 29 адам мен 10 техника қар құрсауынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2021 жылдың 8 ақпанында Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының облыстық және республикалық маңызы бар автожолдарда қар құрсауынан 29 адам құтқарылды, 10 жеңіл және жүк автомашинасы мен автобус шығарылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖ департаменттерінің жол қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды", - делінген хабарламада. 

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланған.

Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, көрінудің нашарлауы, көктайғақ) еліміздің 5 өңірінде республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесі жабық.

Ақпарат бойынша, халықты эвакуациялау үшін жолдардың жабық учаскелерінде 108 жылыту пункті дайындалған. ТЖД кептеліс болған жерлерде уақытша жылыту пункттерін де қойды.

Еске салайық, 7 ақпаннан бастап ТЖМ ахуалдық орталығында республикалық жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Оның құрамына "Қазавтожол" ҰК АҚ және "Қазақавтодор" ЖШС кірді. Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында да осындай штабтар жұмыс істеп жатыр. Шұғыл жұмыстарға барлығы ТЖМ, ІІМ, жол қызметтері мен жергілікті атқарушы органдардан 372 адам мен 171 бірлік техника жұмылдырылды.

Бұған дейін ауа райына байланысты бірнеше облыста "Жедел байланыс желісі" ашылғаны хабарланған болатын. Төтенше жағдайда хабарласатын нөмірлер берілді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети