Әуе апатынан қаза тапқан үш қазақстандық бір отбасының мүшелері болып шықты

25 Наурыз 2015, 15:35
0
Әуе апатынан қаза тапқан үш қазақстандық бір отбасының мүшелері болып шықты - Ербол Иманқұлов. ©Nv.kz
Ербол Иманқұлов. ©Nv.kz

Әуе апатынан қаза тапқан үш қазақстандық та бір отбасының мүшелері болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған дейін Germanwings әуе компаниясының ұшағының апатқа ұшырап, қазақстандықтар Ербол мен Әділ Иманқұловтардың және Айжан Исенғалиеваның қаза тапқаны хабарланған еді.

NV.kz ресурсының мәліметінше, Ербол Иманқұлов металл кремний өндіретін зауытты басқаратын "Тау-Кен Темір" компаниясының директоры болған. Онымен бірге әйелі мен баласы қаза болды. Басылымның мәліметінше, Иманқұлов 50 жаста болған, ал әйелі 49 жаста, баласы 26-да. 

Жолаушылардың арасында Қазақстанда туған опералық әнші Олег Брыжак та болған. Олег Брыжак Қарағандыдағы музыкалық училищесін бітіріп, Алматыдағы консерваторияға оқуға түскен. Ол 1991 жылы Германияға кетіп қалады. 80-90 жылдары Львов, Мәскеу, Челябинск және Санкт-Петербург қалаларындағы театрларда өнер көрсеткен, ал 1996 жылдан бастап Дюсселдорфтағы Неміс операсының солисі болды. 

Еске сала кетейік, әуе апаты Жоғарғы Прованс Альпы департаментінің Труа-Эфевше таулы массивінде болды. Germanwings әуе компаниясының өкілдерінің айтуынша, диспетчерлер бортпен жергілікті уақыт 10:53-те 1,8 мың метр биіктікте байланысты үзіп алған.  Ұшақта 150 адам болды. Олардың барлығы қаза тапты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай