18 тамыз 2022 12:57

Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының жойғыш ұшақтағы видеосы жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әуе қорғанысы күштерінің (ӘҚК) бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов ұшу экипажының дайындық деңгейін тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әуе қорғанысы күштерінің (ӘҚК) бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов ұшу экипажының дайындық деңгейін тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысындағы әуе базасында оқу-жаттығу ұшулары өткізілді. 60 жастағы Нұрлан Орманбетов Су-30СМ көпмақсатты жойғыш ұшағын өзі басқарды. Оқу-жаттығу ұшуларының бейнежазбасын Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ұсынды.

Әскери бөлімдерге жұмыс сапарлары кезінде ӘҚК бас қолбасшысы ұшуларға жеке қатысады, ұшу экипаждарының дайындық деңгейі осылайша тексеріледі.

ӘҚК бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетовтің 40 жылдан аса уақыт ұшу тәжірибесі бар. Осы уақыт ішінде ол ұшақтардың алуан түрін менгерген: чех өндірісінің Л-29, әртүрлі модификациядағы МиГ-21, МиГ-23, МиГ-23МЛД, МиГ-27, Су-27, Су-24, Су-24МР, Су-30СМ.

"Әр ұшқыштың ұшу уақыты әртүрлі. Егер жойғыштарды, шабуылдаушы ұшақтарды, жауынгерлік ұшақтарды көлік қызметкерлерімен, тікұшақ ұшқыштарымен салыстыратын болсақ, әрине, үлкен айырмашылық болады. Бір ұшқыштың ұшатын уақыты 30-40 минуттан аспайды. Көлік авиациясында 2-3 сағатқа созылатын алыс жолдар бар, қазір ол алты сағатқа жетеді. Сондай-ақ, тікұшақтың әр рейс үшін үлкен ұшу сағаттары бар. Сондықтан, ұшқыш бір жылда 100 сағат ұштым десе, бұл көп.

Армия авиациясы жылына орта есеппен 200-250 сағатты құрайды, сондықтан салыстыруға болмайды. Мысалы, 40 жылдан аса қызметімде екі мың сағат жинаған болсам, бұл - жақсы", - деді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ӘҚК бас қолбасшысы.

©Арман Акыбаев

18 тамыз – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылған күні. ӘҚК қазіргі заманғы ұшақтар мен тікұшақтардың үлгілерімен, зениттік-зымырандық кешендерімен және радиолокациялық станциялармен, соңғы байланыс технологиясымен және автоматтандырылған басқару жүйелерімен жабдықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети