05 қаңтар 2024 10:51

Ауғанстан мен Сириядан содырлар келмек болған. Жаңа фильмде Қаңтарға қатысты белгісіз деректер айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

"Қаңтар. Мемлекеттік төңкеріс әрекеті. Оқиға қалай өрбіді" - атауымен республикалық телеарналарда қаңтар оқиғасы туралы жаңа деректі фильм шықты. Онда тәртіпсіздіктердің эксклюзив кадрлары көрсетіліп, бұрын белгісіз фактілер жарияланды. Tengrinews.kz деректі фильмі туралы толығырақ айтып береді.


"Қаңтар. Мемлекеттік төңкеріс әрекеті. Оқиға қалай өрбіді" - атауымен республикалық телеарналарда қаңтар оқиғасы туралы жаңа деректі фильм шықты. Онда тәртіпсіздіктердің эксклюзив кадрлары көрсетіліп, бұрын белгісіз фактілер жарияланды. Tengrinews.kz деректі фильмі туралы толығырақ айтып береді.

Фильм авторлары барлық мән-жай мен деректер, құжаттар, суреттер, бейнежазбалар және куәгерлер жазбасын зерттеп, талдағанын атап өтеді. Талдау негізінде қаңтар оқиғасының барынша толық және егжей-тегжейлі хронологиясы құрастырылғаны айтылды.

Көрермендерге көшелердегі оқиғалардың қалай өрбігені, негізгі шешімдердің қашан қабылданғаны және дағдарыс қалай еңсерілгені күн сайын, сағат сайын көрсетілді.

"Бұл оқиғалар билікті басып алу мақсатында мұқият жоспарланған ауқымды мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті ретінде тарихқа кірді. Қылмыстық әрекетке дайындық алдын ала жүргізіліп, оның басында қылмыстық топтардың қатысуымен жоғары лауазымды тұлғалар, соның ішінде құқық қорғау органдарының басшылары тұрды. Жоспарлар мен схемалар жасалып, арандатушылар, үйлестірушілер мен содырлар дайындалды. Қару-жарақ, көлік және байланыс құралдары алдын ала сатып алынған", - деп фильм басында кадрдан тыс дауыс шықты.

2022 жылдың 1 қаңтарында Маңғыстау облысында сағат 17:20-да Жаңаөзен әкімдігі маңында автогаз бағасының 60 теңгеден 120 теңгеге көтерілуіне байланысты бейбіт наразылық акциясы басталды.

"Аймақ үшін бұл өте маңызды, өйткені көліктердің көпшілігі осы жанармайды қолданады. Газ бағасының көтерілуі әдейі әлеуметтік шиеленіс тудырды деген болжам бар".

3 қаңтарда Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматыда наразылық шаралары басталды. Бұл кезде полицейлер наразылық білдірушілермен күштік байланысқа түспейді.

"Мемлекет басшысы үкіметке жағдайды тез арада түсінуді тапсырып, арнайы құрылған комиссия Маңғыстауға ұшып барып, сол жерде наразылық білдірушілермен келіссөз жүргізеді".

Ертеңіне үкіметтік комиссия наразылық білдірушілермен бірлесіп шешім тауып, Маңғыстау облысында газ бағасы арзандағаны жарияланды.

Оқиға аяқталған сияқты, бірақ арандатушылар өз жұмысына кірісе бастады, еліміздің 11 облысында бейбіт митингілер экстремистік талаптар қойылған бұзақылыққа айнала бастады: мемлекеттік билікті құлату.

5 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберіп, тәртіпсіздіктер себебі мен мән-жайын тексеруді тапсырды.

"Бұл уақытта қастандық жасаушылар тергеу иірімдері өздеріне келетінін түсініп, қарымта әрекет жасайды. Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында әкімшілік ғимараттарға шабуылдар мен қарулы басып алу ұйымдастырылады. Талдықорғанда қарулы қарақшылар топтары әкімдік, полиция және облыстық ҰҚКД ғимараттарын басып алды.

Бірақ қастандық жасаушылар Алматыны қылмыстық әрекеттерінің орталығына айналдырады, онда ең ауқымды террористік актілер жасалды. Түнде әкімдік ғимараты мен халықаралық әуежай басып алынды. Сондай-ақ, прокуратура, телеарналар және басқа да БАҚ ғимараты басып алынды. Көшелерде хаос пен анархия орнады".

Бұл енді жаппай тәртіпсіздік емес, мемлекеттік төңкеріс жасап, Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттіктен кетіру жоспарының бір бөлігі.

"Барлық дерек қастандық жасаушылар әрекетті алдын ала жоспарлағанын айқын көрсетеді. Қылмыскерлер әрекеті ұйымдастырушылар тарапынан ұдайы қадағаланып, үйлестіріліп отырды. Солардың бірі – Арман Жұмагелдиев (Дикий Арман). Ол "Қазақстан" қонақүйінде жеке штабын ұйымдастырып, бандиттік топтар әрекетін үйлестіріп, қару-жарақ таратады. Оның бандасы адамдарды кепілге алып, азаптайды.

Кейінірек тергеу барысында Жұмагелдиев Мәсімовтің айналасында екені белгілі болды. Дикий Арман Алматыға алдын ала – 17 желтоқсанда көптен бері жасырынып жүрген шетелден келді. Ол және басқа да қылмыстық жетекшілер болашақ радикал шабуылдарға дайындықтың соңғы кезеңіне кірісті".

"Мемлекет басшысы шұғыл шешім қабылдады – 5 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәсімов қызметінен босатылып, мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Кейін онымен бірге басқа да бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктер қамауға алынады".

Терроризмге қарсы арнайы операция аясында Жұмагелдиев пен оның бандасының бірнеше мүшесі тұтқындалды.

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні. Болған оқиғаны талдау оқиғалардың ауқымын көрсетті.

"Сәтсіз төңкеріс жетекшілері оқиғаның үш толқынын жоспарлап, жүзеге асырды. Бастапқыда олар қақтығыстарсыз бейбіт митингілер ұйымдастыруға шақырды. Содан кейін наразылықтар бұзақылық пен өрт қою арқылы радикал бағытқа өтті. Үшінші толқында тікелей орындаушылар – қатыгездік көрсеткен қылмыскерлер мен террористер көрінді.

Сондай-ақ, оқиғаның төртінші және соңғы толқыны жоспарланған - бүкіл елдегі радикал топтарды шақыру. Ауғанстан мен Сирияның бірқатар лаңкестік ұйым жетекшілері тәртіпсіздік жалғаса берсе, Қазақстанға өздерінің дайындаған содырларын жібермек болған. Бірақ заңды билік шиеленісті оқшаулау және жою жөніндегі жедел және батыл әрекеттері қастандық жасаушылардың жоспарын шатастырып, Қазақстанда "Сирия сценарийінің" орнауына мүмкіндік бермеді".

11 қаңтарда ҰҚШҰ контингентінің мерзімінен бұрын шығарылатыны туралы хабарланды. Мәжіліс отырысында Президент ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жария етті.

"Мемлекет басшысы Үкіметтің жаңа құрамы туралы жарлыққа қол қойды. Қастандық жасаушылардың 2019 жылы мемлекеттік төңкеріс арқылы басталған реформаларды тоқтату жоспары сәтсіз аяқталды. Елді жаңғырту жалғасын тапты".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети