13 қыркүйек 2023 19:59

“Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында алғашқы ФАП БҚО-да ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Облыста Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін ауылдық елді мекендерде 50 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарын салу жоспарланып, соның алғашқысы алғашқы Барбастау ауылында ашылды.


Облыста Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін ауылдық елді мекендерде 50 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарын салу жоспарланып, соның алғашқысы алғашқы Барбастау ауылында ашылды.

Барбастау ауылының 1000-ға жуық тұрғыны бар. Ауыл тұрғындары көптен күткен медициналық пункт бір ауысымда 13 адамды қабылдайды. Нысан толықтай қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Салтанатты шарада "Альтаир" ЖШС директоры Нұрлан Қуанғалиев су жаңа медициналық нысанның кілтін Теректі аудандық орталық ауруханасының директоры Дархан Хайрушевке табыстады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі берген мәліметке қарағанда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауына сәйкес «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша 2025 жылға дейін ауылдық елді мекендерде 50 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының (дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт, медициналық пункт) құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда БҚО құрылыс басқармасымен 2023-2024 жылға жоспарланған 24 медициналық нысанның 1-еуі (Барбастау ауылы) ашылды. Жыл соңына дейін халық игілігіне беру жоспарланған 11 медициналық мекеме бойынша мердігерлер анықталып, құрылыс жұмыстары жүруде. Ал қалған 12 медициналық нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін мердігерлерді анықтау үшін конкурс жұмыстары жүргізілуде.

БҚО әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети