07 наурыз 2019 09:38

Ауыр қылмысы үшін сотталған Тоқтар Төлешовтің түрмедегі өмірі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры: Otyrar.kz Видео кадры: Otyrar.kz

OtyrarTV Тоқтар Төлешовтің колонияда қалай тұрып жатқанын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


OtyrarTV Тоқтар Төлешовтің колонияда қалай тұрып жатқанын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұрынғы "сыра королі" Тоқтар Төлешов бір жарым жыл бұрын түрмедегі өмірдің қандай болатынын білді.

"Түзеу мекемесінің аймағы оның бұрынғы әдемі аулаларынан мүлдем басқаша"- дейді сюжетте.


OtyrarTV©


Төлешовтың бұрынғы үйлерінің бірі. OtyrarTV©

Тоқтар Төлешовтің жекежайлары мен ертегідегідей өмірін қазір түрме камерасы ауыстырған. 10 адамға арналған бөлменің оған 2 шаршы метрі ғана бұйырған. Таңғы сағат 6-да тұрып, кешкі 22:00-де ұйқыға кетеді.


OtyrarTV©

Ауыр қылмыспен сотталған Төлешов түрмеде қиын жұмыстар істемейді екен.

Ол түрмеде еден жуып, камерасының терезелері мен есігін сүртумен айналысады. Оның бүкіл өмірі қатаң бақылауда өтіп жатыр.

Қымбат жиһаздардан жасалған асүй мен қымбат тамақтарды ұмытқан. Оның ендігі асүйі мен тамақтары - осындай.


OtyrarTV©

Тоқтар Төлешов Түркістан облысындағы қатаң тәртіптегі колонияда өз жазасын өтеп жатыр.

Естеріңізге салсақ, бір жарым жыл бұрын Тоқтар Төлешов 21 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Ол мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деп айыпталды. Төлешов экономикалық қылмыстар, салықтан жалтару бойынша кінәлі деп табылып, мемлекетке 1,5 миллиард теңге төлеуге міндеттелді. Оның барлық меншігі - үйлер мен бизнесінен бастап қымбат аттарына дейін мемлекет тәркілеп алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети