31 қаңтар 2022 10:09

"Ауыр тиді". Сағынтаев отставкасы талап етілген петицияға қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Бақытжан Сағынтаев отставкасы талап етілген петицияға қатысты пікір білдірді. Алматы әкімінің сұхбаты Baitassov Live YouTube-арнасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бақытжан Сағынтаев отставкасы талап етілген петицияға қатысты пікір білдірді. Алматы әкімінің сұхбаты Baitassov Live YouTube-арнасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағынтаевтың айтуынша, оған қатысты сын қаңтар оқиғасынан кейін пайда болған.

"Кейін, бәрі біткен соң (бүліктер - еск.) сын мен петиция пайда болды. Бұл маған да ауыр тиді. Мен де адаммын. Бірақ жұмысымды жалғастыруым керек. Жұмысымды жалғастырдым, өйткені қаланы қалпына келтіру, келтірілген шығынды өтеу, бәрін тез арада шешіп, жұмысты үйлестіру керек болды. Қалай болғанда да, кез келген сын пайдалы. (...) Реніш болса да, болмаса да, мен өз жұмысымды орындадым, өз жауапкершілігімді түсіндім - қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету", - деді әкім.

Сағынтаев қала билігі 4 және 5 қаңтарда мегаполистегі жағдайды тұрақтандыруға қалай әрекет еткенін, бақылау-өткізу бекеттері қалай құрылғанын, Нұр-Сұлтан қаласы және құқық қорғау органдарымен жұмыс қалай үйлестірілгенін айтып берді.

"Мен сын болатынын түсіндім, бірақ басқа мәселелерді шешуге, қауіпсіздік мәселелерімен айналысуға уақыт керек болды. Сондықтан сағат сайын пікір білдіретін жағдай болмады. Бізде қорғаныс күштері болған жоқ, оларды жеткізу үшін Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрі, Әкімшілік басшысымен (Президент) келіссөздер қажет болды.

Сол кезде маған қарсы сын болатынын түсіндім. Бірақ ол кезде мен өз имиджімді емес, өзімді емес, қала және тұрғындар қауіпсіздігін ойладым. Қолымнан келгеннің бәрін жасап, қаланы қорғауға қосымша күш әкелмесем, мұнда неге отырмын? Сын имиджіме тиеді деп ойламадым: бұл менің жұмысым", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети