11 тамыз 2015 12:36

Ауыз судың өшірілетіні туралы тараған ақпарат жалған болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bydy-zdorov.ru © bydy-zdorov.ru

"Алматы Су" холдингі суды өшіру туралы жалған ақпарат таратқандардың үстінен полицияға шағым түсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Алматы Су" холдингі суды өшіру туралы жалған ақпарат таратқандардың үстінен полицияға шағым түсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала тұрғындарына 14-15 тамыз аралығында ауыз судың өшірілетіні туралы хабарлама WhatsApp мессенджері арқылы келе бастады. "Құрметті тұрғындар мен қаламыздың қонақтары! 2015 жылдың 14 тамызы күні 23.00-де қала бойынша су жүргізу құбырларындағы жөндеу жұмыстарына байланысты ауыз су жоспарлы түрде өшіріледі. Суды беру 2015 жылдың 15 тамызы сағат 23.00-ге жоспарланған. Бұл жағдайға түсіністікпен қарап, дүрбелең тудырмауларыңызды сұраймыз. Суды тоқтату мерзімі: 14.08.2015 23.00. Су берілетін уақыт: 15.08.2015 23.00. Күтпеген жағдай болмас үшін таратып отырмыз!" - делінген тараған хабарламада.

"Алматы Су" холдингінің баспасөз хатшысы Ақбота Жылысованың мәлімдеуінше, бұл кезеңде суды өшіру жоспарда жоқ. Тараған хабарлама жалған болып табылады. "Әдетте біз су өшірілетін кезде үш күн бұрын ескертеміз. Мұндай ақпаратты "Алматы " телеарнасына, "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттеріне береміз. (...) Бұл дерекке қатысты, яғни жалған ақпарат таратқандар туралы құқық қорғау органдарына міндетті түрде хат жазамыз", - деді Жылысова.

Айта кетейік, мұндай хабарламаны Астана тұрғындары да алды. "Астана су арнасы" да бұл ақпаратты жоққа шығарды. "SMS-хабарлама арқылы әлеуметтік желіде тараған 14.08.2015 сағат 23.00 мен 15.08.2015 сағат 23.00 аралығында ауыз су өшіріледі деген ақпарат жалған болып табылады, "Астана су арнасы" МКК ресми түрде бұл кезеңге суды өшірудің жоспарланбағанын мәлімдейді", - делінген компания жариялаған хабарламада. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети