Автобус жүргізушілері жол ережесін үш күн ішінде 623 рет бұзды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Автобус жүргізушілері жол ережесін үш күн ішінде 623 рет бұзды ©Тұрар Қазанғапов

Астанада "Автобус" рейдтік іс-шарасының нәтижесі шығарылды. Үш күн ішінде автобус жүргізушілерінің жол-көлік ережесін 623 рет бұзғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігі сайтына сілтеме жасап.


Астанада "Автобус" рейдтік іс-шарасының нәтижесі шығарылды. Үш күн ішінде автобус жүргізушілерінің жол-көлік ережесін 623 рет бұзғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

"5-7 тамыз аралығында Астана қаласы жол-патруль полициясының 300-ден астам қызметкері "Автобус" атты профилактикалық іс-шара жүргізді. Шара барысында автобус жүргізушілерінің жол ережесін 623 рет бұзғаны белгілі болды. Бұл туралы  Аstana.kz сайтына Астана қаласының ІІД хабарлады", - делінген хабарламада.

Оның ішінде, қалдық заттарды сақтап, ауаны ластаудың 132 жағдайы, жүк және жолаушылар тасымалдау ережесін сақтамаудың 32 факті тіркелді. Сонымен қатар, автобус паркінің 6 жауапты тұлғасы түрлі жол-көлік заңдылықтарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған. 33 автобус жүргізушісі көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланғаны үшін, 6 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл төледі.

"Мұндай профилактикалық шаралар қоғамдық көліктің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға септігін тигізеді.", - делінген сайтта.

 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 488.56   564.67   6.8 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +21
Астана +20
Ақтау +23
Ақтөбе +17
Атырау +23
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +27
П
Павлодар +17
Петропавл +27
С
Семей +20
Т
Талдықорған +24
Тараз +26
Түркістан +21
О
Орал +26
Ө
Өскемен +28
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер