26 мамыр 2022 13:41

Автосалон қосымша жабдықты сатып алуды талап етсе, қайда шағымдану керек?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Автодилер көлікті рәсімдеу кезінде қосымша жабдықты сатып алуды талап етсе, қайда жүгіну керегі айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Автодилер көлікті рәсімдеу кезінде қосымша жабдықты сатып алуды талап етсе, қайда жүгіну керегі айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мәжбүрлі ассортименті бар тауарларды сатуға "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңмен тыйым салынған және бұл жағдай тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарының тарапынан тиісті шараларды қабылдауға әкеледі", - делінген ведомство хабарламасында.

Егер көрсетілген әрекеттер нарықтың басқа субъектілеріне - жабдықты жеткізушілерге зиян келтірсе немесе келтіруі мүмкін болса, онда бұл заңнаманы бұзу.

"Бұзушылық 200-ден 1500 АЕК-ке дейінгі сомада айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке немесе субъекті нарықта үстем жағдайға ие деп танылған кезде монополиялық табысты тәркілей отырып, кірістің (түсімнің) 3-тен 5 пайызға дейінгі мөлшерінде айналым айыппұлына айналады", - деп түсіндірді агенттік.

Монополияға қарсы орган автодилерлерге тұтынушыларға қосымша жабдықты таңуға жол берілмейтіндігі туралы ескертті.

Автосалон қосымша жабдықты сатып алуды талап етсе, қазақстандықтар тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарына және монополияға қарсы органға жүгіне алады.

"Жедел желі: +7 (7172) 74-98-32, 74-98-36, 75-06-49. Жөн-жосықсыз бәсекелестік мәселелері бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ресми сайтында көрсетілген аумақтық бөлімшелеріне хабарласуға болады", - деді агенттіктің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети