06 тамыз 2015 16:22

Автоүйімен сапарға шыққан қазақстандық депутат елі үшін ұялып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Бегентаев. © Facebook Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Бегентаев. © Facebook

Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Бегентаев қысқаша үзілістен кейін Қазақстанның шексіз даласын жылжымалы үйімен аралауды жалғастырды. Ол өзінің сапары жөнінде Facebook желісіндегі парақшасына жазады, сол жерде өз толғанысымен бөліседі. Мысалы, депутатты жолдардың сапасы, кэмпингке жасалған жағдайлардың нашарлығы мен әдемі жерлердегі толып жатқан қоқыс толғандырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Бегентаев қысқаша үзілістен кейін Қазақстанның шексіз даласын жылжымалы үйімен аралауды жалғастырды. Ол өзінің сапары жөнінде Facebook желісіндегі парақшасына жазады, сол жерде өз толғанысымен бөліседі. Мысалы, депутатты жолдардың сапасы, кэмпингке жасалған жағдайлардың нашарлығы мен әдемі жерлердегі толып жатқан қоқыс толғандырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Автосаяхатты жалғастырдық. Кеше Қарағандыға жол тарттық, содан кейін Балқашқа. Балалар жолда бірден ұйықтап қалды. Таңертең ерте сағат 06.00-де шықсақ та, тас жолда көлік көп. Жолдың қарсы бағытына шығатын жергілікті көліктер жетерлік. Жол бойы жүк көліктерге толы жерлерге жиі кездестім, тас жол жап-жаңа. Мұның екі себебі болуы мүмкін: жол жабындысы сапасыз немесе көлік инспекциясы байқамай 25 тоннаға артық тиелген қытайдың 40 тонналық көліктерін тас жолға жіберген. Менің білуімше, олар карьерлерде жұмыс істеуге арналған. Біз жолдар көтермейтін жүктерді тас жолдар арқылы тасымалдап, өз ыдысымызға өзіміз түкіреміз. Бір қолымызбен жасап, екінші қолымызбен бүлдіреміз", - деп өз ойымен бөлісті Бегентаев және өз толғанысын суретімен түйіндеді.

Мейрам Бегентаевтың Facebook желісіндегі парақшасынан алынған сурет

"Рульде отырғанда ой көп келеді. Менің ойыма мынау келді. Жолдар - кез келген елдің күретамыры. Біз жолда бір-бірімізге жүргізушілік дәстүрмен көмегімізді көрсетеміз, жолда МАИ қызметкерлері тұрса белгі береміз. Бірақ бұл өзара көмек пе? Жақында маған біреу бір оқиғаны айтып берді, бір беделді адам жылдамдықты асырғаны үшін ұсталған баласын кезекті рет ақтап алыпты. Ең сорақысы, жігіт босап шыққаннан кейін 20 минут өткенде жол апатына түскен. Айтуынша, әкесі баласын өз қолыммен өлтірдім деп өзін жазғырады екен. Сондықтан жолдағы кезекті бір мажорды көріп, ата-анасына жаным ашып кетті", - деп жазды депутат.

Одан әрі ол демалыс орындарындағы қоқыс мәселесі туралы айтты.

"Бинго, біз Балқаш көліне қарай жол тарттық! Бұған дейін айтқанымдай - демалыс төңіректі тазартудан басталды. Қасымызда демалып жатқандардың қолдау көрсеткенін айта кетудің өзі жағымды (тіпті үлкен қызым сыпырды, біз оларға осылайша үлгі болған шығармыз?)", - деп өз ойымен бөлісті Бегентаев.

Ол Челябинсктен келген туристермен айтқан әңгімесі туралы жазды, депутат олармен Балқашта жолығыпты.

"Шаяндарды ұстағанша әңгімелесудің сәті түсті. Жігіттердің ол жерде үш күн бойы тұрып жатқандары анықталды. Басында олар демалыс орындарының біріне тоқтапты, ал келесі күні ол жерден кетіп қалған. Сонымен қатар, Балқаш жағалауында да тағылыққа тап болыпты, олар да айналаны қоқыстан ұзақ тазартқан. Олардың алтауы ересек адамдар және төрт бала бар (үш отбасы - үш бауыр жұбайларымен және балаларымен). Айтуларынша, жағалаудан сыраның жүз шөлмегін теріп алыпты, олар бір қарудан атылған екен (бұл дегеніңіз жағажайда сұмдық қой!!!) Елім үшін қатты ұялдым, себебі олар біздің қонақ қой, оны өздеріне айтып, мойындадым да. Олар былай деп жауап берді: "Ештеңе етпейді, мұндай көптеген жерде кездеседі", - деп аяқтады әңгімесін депутат.

Мейрам Бегентаевтың Facebook желісіндегі парақшасынан алынған сурет

Еске сала кетейік, депутат өзінің саяхаты жөнінде 23 шілде күні әлеуметтік желі арқылы хабарлады. Содан бері ол барлық әсерімен әлеуметтік желі арқылы бөлісіп жүр.

Мейрам Бегентаевтың Facebook желісіндегі парақшасынан алынған сурет

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети