07 ақпан 2019 14:04

"Аяла" қорының вице-президенті Жангелді Сәрсенов қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жангелді Сәрсенов. © facebook.com/fondayala Жангелді Сәрсенов. © facebook.com/fondayala

Қазақстанда танымал PR-маман, психиатр дәрігер, "Аяла" қорының вице-президенті Жангелді Сәрсенов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап. 


Қазақстанда танымал PR-маман, психиатр дәрігер, "Аяла" қорының вице-президенті Жангелді Сәрсенов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға таяуда, 6 ақпанда болған. 

"Бұл орны толмас ауыр қаза. Жангелді Маққамбайұлын танитындар табандылығы мен ашық мінезі, жоғары кәсіпбилігі мен сезімталдығы үшін бағалайтын және сыйлайтын. Адамдарға деген көзқарасы, көмек сұрағанның әрқайсысына қол ұшын созғысы келетіні, оның басты ерекшеліктері еді. Бұл өте мықты, ер мінезді, жауапкершілігі мол және сезімтал адам еді. Біздің есімізде солай болып қалады. Жангелді Маққамбайұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", - делінген қордың ресми парақшасындағы хабарламада. 

Жангелді Сәрсенов 1989 жылы Алматы мемлекеттік медициналық университетті тәмамдаған. 11 жыл бойы ол ота жасаушы хирург болып қызмет етті, кейінірек саласын псизиатр-наркологқа ауыстырды. "Хабар" телеарнасында "Лучше быть здоровым" бағдарламасының жүргізушісі болды. 2008 жылдан бастап "Аяла" қайырымдылық қорында жұмыс істеп бастаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети