10 ақпан 2014 19:11

Аяз астаналық оқушыларды сабақтан бір айға қалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Марат Әбілов ©Марат Әбілов

Астанада бастауыш сынып оқушылары аязға байланысты бір айға жуық уақыт бойы сабаққа барған жоқ деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім беру департаменті директорының орынбасары Берікбай Бердібаевқа сілтеме жасап. "Астана қаласы бойынша 5 желтоқсан мен 1 ақпан аралығында 23 күн бойы сабақтар кейінге қалдырылды. Оның 11 күні - 1-4-сыныптардың, 4 күні - 1-11-сыныптардың және 8 күні - 1-9-сыныптардың сабағы", - деп хабарлады Бердібаев. Сонымен бірге, 3-10 ақпан аралығында бастауыш сыныптар төрт күн, 5-9-сыныптар тағы екі күн сабаққа бармаған. Аязға байланысты басқа өңірлерде де сабақтар кейінге қалдырылды. Қарағанды облысында 14 ауданда, Қостанай, Павлодар облыстарында барлық ауданда сабақ өткізілмеді. Дегенмен Бердібаевтың мәліметінше, бұл жайт оқушылардың ҰБТ-ға дайындалуына кедергі келтірмейді. "Облыстық білім басқармаларының мәліметіне қарағанда, биыл ауа райына байланысты өткізілмеген сабақтар саны өткен жылмен салыстырғанда, айтарлықтай аз. Сол себепті кейінге қалдырылған сабақтар түлектердің ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындығына қатты әсер етпеуі тиіс", - дейді шенеунік. Кейінге қалдырылған сабақтар факультативтік және тығыздалған оқу материалдары есебінен өткізілмекші.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети