Аяз түскенде не істеу керек? Мамандар кеңесі

25 Қаңтар 2018, 16:52
0
Аяз түскенде не істеу керек? Мамандар кеңесі - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қатты аяз еліміздің біраз тұрғындарын әбігерге салғаны сөзсіз. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы суықтан тоңып, үсіп қалған немесе көлігін оталдыра алмай жатқан видео мен суреттер тарап жатыр. Алайда осы суыққа төтеп беріп, жеңіл киіммен видео түсіріп, флешмоб жасап жатқандар да бар. Осы орайда Тengrinews.kz редакциясы қалыптасқан осы жағдайға байланысты әр түрлі мамандық иелерінен қатты суықта қандай әрекеттер істеу керектігін сұрап білді. 

Суықтан үсіп қалмайын десеңіз...

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бас травматологы Қанат Тезекбаев үсіп қалғаныңызды қалай анықтау және үсіп қалудың алдын алу жолдары туралы айтып берді. 

"Үсіп қалмас үшін жылы әрі тар емес киім және жылы әрі құрғақ аяқ киім кию қажет. Аяғыңыз құрғақ әрі таза болуы тиіс. Денеңіздің ашық тұратын бөліктерін, яғни беттің орамалмен жауып, мұрынмен демалғаныңыз дұрыс. 

Үсіп қалғаныныңызды қалай білуге болады? 

Бастапқы кезде теріңіздің сұрланғанынан, сезіну төмендегенін, ауырсынуды сезінбеуден байқауға болады. Мұрныңызды, құлағыңызды, саусақтарыңызды уқалап тұрған дұрыс. Ал қатты үсіп қалған жағдайда: теріңіздің суық екенін, сезінбеу, сұрлану, саусақ ұштары жансызданады. Жылыну кезінде ісік пайда болады, қатты ауырады, сезіну әлсізденеді. 

Қыста тамақтанудың негіздері

Климаттық әсерді көтере алып, қыста өзіңді қалыпты сезіну үшін бірнеше қарапайым ережені ұстанған жөн.

Қыста жейтін тағамдар жазғыға қарағанда құнарлы болу керек. Бұл құрамында "ауыр ақуыз" бар балық, құс, ет және сол сияқты тағамдар есебінен болу керек. Тауық пен бұзау етін аптасын бір, ал балықты аптасына 2-3 рет жеу керек.

Көмірсусыз да болмайды. Оның жетіспеушілігі тұмау сияқты ауруларды жұқтырып алумен қауіпті.

Сонымен қатар, құрамында дәрумендерге бай тағамдарды да ас мәзіріне қосу қажет. Жазда мұздатып қойған жидектер, супермаркеттегі және қыста өсірілгендерден пайдалырақ. Фитоциндерге бай ақжелкен, аскөк және түрлі салаттар инфекциялардан қорғайды. Жібітілген алма мен ашытылған орамжапырақ құрамында С дәрумені мол болғандықтан, оны да жиі жеу керек. А және Е дәрумендерін де естен шығармаған жөн. Е дәрумені теріні жел мен үсуден қорғайды. Күніне жарты ас қасық рафинатталмаған күнбағыс майын жеу бұл дәруменнің жетіспеушілігінен құтқарады. Бұл майда салатқа қосу ең ұтымды шешім болады. Сонымен қатар, өсімдік және малдың майы А дәруменін сіңіруге септеседі.

Ыстық тамақ немесе жылы сусындар ішу міндет. Жылдам тамақтану керек болса, ас артынан жылы шәй ішкен жөн. Ал ыстық тамаққа кардамон, зімбір, кориандр және бұрыш түрлерін қосқан абзал.

Алғашқы көмек көрсету...

Сондай-ақ, бас травматолог адам үсіп қалған кезде қандай алғашқы көмек көрсету керектігін айтып берді.

"Алғашқы көмек көрсету кезінде адамның қан айналымын қалпына келтіру керек. Жылы киім беріп, жылы жерге апарып, ыстық шай беру керек. Қатты үсіп қалған денесін жылы сумен жылыту қажет емес. Керісінше, оны жылы киіндіріп, зардап шеккен адамды жақын маңдағы емдеу орталығына жеткізу керек. Сонымен қатар, адамның үсіп қалуына әсер ететін бірнеше факторды ескеру қажет: адинамия, шаршап қалу, әлсірек, созылмалы аурулар: қант диабеті, қан-тамыр аурулары, алкогольді ішімдіктерді пайдалану. Қысқы уақытта далада мұздап үсіп қалған адамды көрген жағдайда оны бірден жылы жерге кіргізіп, жедел жәрдемді шақыру керек. Әйтпесе, адам аяқ-қолсыз қалып, бүкіл денесімен үсіп қалуы мүмкін", - деді дәрігер. 

Жануарлар суыққа төзімді ме?

Қазақстандағы ауа райының суып кетуі жануарларға қалай әсер ететіні жайлы ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі Орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі комитетінің баспасөз қызметінің өкілі Сәкен Ділдахмет пікір білдірді. 

Оның айтуынша жыртқыштар мұндай суыққа төзімді келеді. Кейбіреулері үшін қардың мөлшерден тыс түсуі кері әсерін беруі мүмкін, алайда қазіргі уақытта Қазақстанда ондай мөлшерден тыс қар түскен жоқ. 

"Біз тәулік бойы бақылау жүргізіп отырмыз. Қар көп түскен жағдайда еліктерді құтқару шаралары жүргізіледі. Себебі оларға басқа жыртқыштар шабуылдауы мүмкін. Жыртқыштардың жабайы табиғатта аш жүр деуге де негіз жоқ. Барлығы да өзіне азық болар база тауып алады. Өзен көлдердегі балықтардың мұзда қатып қалмасы үшін аэракция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Суықтан көбінесе үй жануарлары зардап шегеді. Сол үшін де олардың иелері жылыжайда ұстауы керек. Әлеуметтік желіде қолданушылар осыдан 3-4 жыл бұрын Ресейдің ең суық елді-мекендерінде қатып қалған үй жануарларының суреттерін таратып жатыр. Ол дұрыс емес", - деді маман. 

Пәтерде суық болған жағдайда не істеу керек? 

"Мұндай суықта біз тұрғындарды проблемамен жалғыздан жалғыз қалдыра алмаймыз. Сол себепті, қалыптасқан осы жағдайға байланысты штаб құрылды, тәулік бойын кезекішілік тағайындалды, апатты бригадалар күшейтілді, арнайы 40 техника жұмылдырылды. Егер үйдегі батареялар жылу бермесе, жеке секторда құбырлар жарылса, дереу мобильді топтар жіберіледі. Біз әрине пәтер иелерінің кооперативтеріне тікелей әсер ете алмасақ та, жұмыстардың тиянақты істелуін бақылайтын боламыз", - деді "Алматинские тепловые сети" ЖШС баспасөз қызметінің өкілі Наталья Инкина. 

Пәтердің суық болуына немесе құбыр жарылған жағдайда мына телефондар бойынша хабарласуды сұраймыз: 109 - кезекшілік-диспетчерлік қызмет, 338-33-88 - Open Almaty қабылдау ұйымының телефоны, 341-07-00 - "АлТС". 

Автокөліктердің оталмай қалуы...

Еліміздің бірнеше облысындағы қатты аяздарға байланысты далада тұрған автокөліктер түнгі суықтан кейін оталмай қалып жатыр. Жүргізушілер көліктерін оталдырып, жұмыстарына жету үшін түрлі айла ойлап табуда. Осындай қызықты амалды өз көлігіне қолданған жүргізушінің видеосы мессенджерлер арқылы таралып жатыр.

Қатты аязда эвакуатор табу қиындыққа соғып жатыр. Баға едәуір өскен. Қазіргі уақытта эвакуатор қызметінің ақысы 20 мыңға дейін барады екен. Көлік жуу орындарында кезекке тұрғандар да көп. Алайда олар көлігін жуу үшін емес, жылыту мақсатында келіп жатыр. Олар сағатына 1500-5000 теңге аралығында алып жатыр. 

Жылу пушкасы арқылы көлікті қыздыру ақысы - 15 мың теңге. Алайда осы қызмет түрін көрсету орталықтарының телефондары арқылы хабарласу біршама уақытты алатыны сөзсіз, себебі автокөлігін оталдыра алмай отырған жүргізушілер қарасы тым көп. 

Суық жайлы не білеміз?

Youtube.com желісіндегі Pazl каналы "СУЫҚ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕСІҢ?!" деген тақырыппен танымдық видео материал жариялады. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай