30 шілде 2016 | 13:36

Айдос Сарым қазақ-түрік лицейлерін "Алаш лицейлері" деп атауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айдос Сарым. © facebook.com Айдос Сарым. © facebook.com

Саясаттанушы Айдос Сарым қазақ-түрік лицейлерінің атауын өзгертуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Саясаттанушы Айдос Сарым қазақ-түрік лицейлерінің атауын өзгертуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақ-түрік лицейлері қазақтың мемлекеттік мүддесіне, болашағына істеп жатыр. Мемлекеттік стандартпен. Егер біреулердің тақиясына тар келсе, онда оларды Алаш лицейлері деп аталық. Алаш қазақтан да кең ұғым. Алдағы жылы Алашорданың жүзжылдығы да келе жатыр дегендей", - деді ол.

Өз кезегінде журналист Әуесбайдың Қанаты қазақ-түрік лицейлерін жабуға болмайтынына бес себеп келтірді. Өз басым қазақ-түрік лицейлерін жабуға қарсымын. Жиырма жылдан аса уақытта білім тұрғысынан тек пайдасы болмаса еш зияны болған жоқ. Жабуға болмайтынына бес себеп келтірейін. 1. Бүгінде қазақ-түрік лицейі деген аты болмаса, онда Түркияға қатысты ештеңе жоқ. Тіпті, түрік тілі пән ретінде оқытылмайды да. Тек факультатив қана. Яғни, оқушылар түрік тілін қаласа оқиды, қаламаса оқымайды деген сөз. Мәселе атында ғана болса, онда қазақ техникалық лицей деп өзгертуге болады. 2. Мұғалімдердің басым көпшілігі Қазақстанның азаматтары. Лицей директорларының бірен-сараны болмаса көпшілігі біздің елдің азаматтары. 3. Қазақ-түрік лицейлерін Түркия үкіметі емес, Қазақстан үкіметі қаржыландырады. 4. Қазақ-түрік лицейлері ең бастысы, Қазақстанның білім беру стандарты бойынша оқытады. Бұл өте маңызды. Мәселенки, біз білетін Астана мен Алматыда жұмыс істейтін Хэйли Бэйри мектептері Қазақстанның білім беру стандартын пысқырмапты да. 5. Жалпы рейтинг бойынша еліміздегі білім беру мекемелері арасында қазақ-түрік лицейлері бірінші орында", - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында. 

Айта кетейік, Түркияның Астанадағы өкілетті елшісі Невзят Уянык қазақ-түрік лицейлерінің және жоғары оқу орындарының Түркия үкіметіне еш қатысы жоқ екенін айтып, төңкеріс әрекеті болғаннан кейін Түркияның барлық достастық елдерінен қолдау күтетінін мәлімдеген еді. Ол достастық елдерге қарата сөз айтқан еді. "Төңкеріс әрекеті еліміздің демократиялық тіреуіне бағытталды, ол біздің үкіметті құлатуға бағытталды, ал бір тұсынан бұл әрекет басқа елдерге де ескерту. Органдар қажетті шараларды жүргізуді бастайды деп сенемін. Біз Қазақстан Республикасымен тығыз байланыстамыз, әріптестіктеміз. Бұл Түркия мүддесі ғана емес, бұл мәселелер Қазақстан Республикасының мүддесіне де қатысты", - деген еді елші.

Бұдан кейін Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі осы жағдайға байланысты ресми ұстанымын жария етіп, мәлімдеме жасады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети