Түрік елшісі: Қазақ-түрік лицейлерінің Түркия үкіметіне қатысы жоқ

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Түркияның Астанадағы өкілетті елшісі Невзят Уянык қазақ-түрік лицейлерінің және жоғары оқу орындарының Түркия үкіметіне еш қатысы жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркияның Астанадағы өкілетті елшісі Невзят Уянык қазақ-түрік лицейлерінің және жоғары оқу орындарының Түркия үкіметіне еш қатысы жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ресми түрде мемлекет қолдауымен, Түркия үкіметінің қолдауымен ресми түрде ашылған әрі ресми түрде қолдау алған жалғыз білім беру мекемесі - Ясауи атындағы ХҚТУ, бұл мекеме Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласында жұмыс істейді. ҚР территориясында жұмыс істеп, "қазақ-түрік мектебі" немесе "қазақ-түрік лицейі" деп аталып жүрген қалған басқа мекемелердің біздің елдің мемлекеттік органдарына еш қатысы жоқ", - деді Түркия елшісі баспасөз мәслихатында.  

Ол осы білім беру мекемелерінің алдағы жұмысы бойынша шешім шығару қазақстандық органдардың, нақтырақ айтқанда ҚР Білім және ғылым министрлігінің құзырында екенін айтты. 

Невзат Уянык елде төңкеріс әрекеті болғаннан кейін Түркияның барлық достастық елдерінен қолдау күтетінін айта отырып, сол елдерге қарата сөз айтты.

"Төңкеріс әрекеті еліміздің демократиялық тіреуіне бағытталды, ол біздің үкіметті құлатуға бағытталды, ал бір тұсынан бұл әрекет басқа елдерге де ескерту. Органдар қажетті шараларды жүргізуді бастайды деп сенемін. Біз Қазақстан Республикасымен тығыз байланыстамыз, әріптестіктеміз. Бұл Түркия мүддесі ғана емес, бұл мәселелер Қазақстан Республикасының мүддесіне де қатысты", - деді елші.

Айта кетейік, Қазақстанда 27 қазақ-түрік лицейі бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer