14 қазан 2015 09:20

Айдын Айымбетовке "Халық қаһарманы" атағы берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айдын Айымбетов. © РИА Новости Айдын Айымбетов. © РИА Новости

Айдын Айымбетовке "Халық қаһарманы" атағы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Айдын Айымбетовке "Халық қаһарманы" атағы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент қол қойған құжат Ақорданың ресми сайтына жарияланды. Қаулыда былай делінген: "Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі".

Сонымен қатар, Ақорданың мәліметінше, Айымбетовке "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағы берілді. 

"Космонавтиканы дамытуға сіңірген еңбегі, "Союз ТМА-16М" ғарыш кемесінде ұшу бағдарламасын табысты орындағаны үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағы берілсін. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.

Еске сала кетейік, Астана уақыты бойынша 2 қыркүйек күні сағат 10.38-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-ФГ" тасымалдаушы зымыраны "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесімен және жаңа экипажымен ұшты. Экипажда қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсон болды. Айымбетов ғарышқа екінші бортинженер ретінде аттанып, 12 қыркүйекте таңғы сағат 06.51-де ғарыш кемесі Жезқазған қаласының шығысынан 146 шақырым жерге қонды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети