13 наурыз 2014 | 12:06

Айгүл Мүкей EXPO-2017 компаниясына орналасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айгүл Мүкей. ©Facebook.com Айгүл Мүкей. ©Facebook.com

"Ел арна" телеарнасының директоры, белгілі журналист, тележүргізуші Айгүл Мүкей "Астана EXPO-2017" ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің жетекшісі атанды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мүкейдің өзі Facebook-тегі жеке парақшасында жазды. Жаңа тағайындау туралы компанияның коммуникациялар және маркетинг департаментінің директоры Әсел Қожақова да хабарлады. Әлеуметтік желіде ол "Командамыз толықты! EXPO-2017 баспасөз қызметінің жаңа жетекшісімен таныс болыңыздар!" деп жазды. Айгүл Мүкей "Ел арна" телеарнасын 2009 жылдан бері басқарды. Арнаның жабылатыны жуырда Парламент Мәжілісінде ресми түрде айтылған болатын. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев жыл сайын телеарнаға 2 млрд теңгеден бөлінгенін, бірақ арна рейтингі бойынша 300 млн теңге ғана жинай алғанын айтты. Досаевтың сөзіне қарағанда, арнаның жарты контенті сатып алынған және тәржімаланған. "Біз "Ел арнаға" бөлген екі миллиардтың бір миллиардын 24.kz-ке береміз, аймақтарда және шетелде жаңа тілшілер қосыны ашылады. Бұған миллиард жұмсалады. 992 млн теңгені екі жаңа фильмнің түсіріліміне бөлеміз", - деді Досаев. Мүкей әлеуметтік желіде "Ел арнаның" ашылған кезінен естеліктер жазды. "Арнаның 2000 жылы болған ашылуын жаңалықтар тілшісі ретінде жадымда сақтаппын, Республика Алаңы, 13-үйдің ғимараты шатырынан жасалған секіру бұл керемет перформанс болды. Қазақ тілінде хабар тарататын жаңа мемлекеттік арна ашылып, санада жарылыс жасағандай, барлық стереотипті талқандағандай болды. Мен "Ел арнаға" 2009 жылы келдім. Қазақ әуенін, әзілді, костюмдерді - бәрін ұсақ-түйегіне дейін біз жастарға ыңғайлы, креативті, түсінікті формаға ауыстырдық. Біздің арнамыздың әрқашан ел жетекшілігінің ұдайы бақылауында болғанын жасырмаймын. 2008 жылдың басында-ақ Президент арнаның базасында жастарға арналған сауықтық әрі спорттық арна ашуды ұсынған болатын. (...) Біз жастарға арналған "Әсел, оның достары және құрбылары" ситкомын, "Шіркін лайф" тұңғыш реалити-думанын, "Саз әлемі" музыкалық байқауын, "Қазақ аруы", "Миссис Қазақстан" бірлескен байқауларын түсірдік", - дейді арнаның экс-басшысы. Журналист телевизия төңірегінде жүргендердің теледидар қарауды өлшеу мәселесін білетінін атап өтті. "Оңтайландыру - жақсы шешім, бюджет қаржысын сақтау қажет, бірақ ол ақшаға бір көркем фильм түсірілетінін хабарлау? Түсінбеймін..." - дейді Мүкей.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети