16 тамыз 2020 16:19

Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook © Facebook

Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды, - деп хабарлайды Zakon.kz.


Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Басылым мәліметінше, Айсұлтан Назарбаев 16 тамызға қараған түні Лондонда қайтыс болды.

"Өлім себебі анықталып жатыр. Алдын ала нұсқа бойынша - жүрегі тоқтап қалған. Өзге мәліметтер әлі белгісіз", - делінген басылымда.

Tengrinews.kz редакциясы Айсұлтан Назарбаевтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Айсұлтан Назарбаев - Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Ол 1990 жылы 26 тамызда дүниеге келген. 

Айсұлтан Назарбаев Сандхерсттегі Британ корольдік әскери академиясын (2009-2010) және КИМЭП университетінің магистратурасын "бизнес-әкімшілік" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде Бас барлау басқармасында қызмет еткен. Футболмен айналысқан, бірнеше қазақстандық және шетелдік клубта, соның ішінде "Портсмута" жасөспірімдер командасында өнер көрсеткен.

ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдарымен және Ұлттық қауымдастықтармен байланыс жөніндегі Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети