17 тамыз 2020 13:35

Нұрәлі Әлиев Айсұлтан Назарбаев туралы әсерлі видео жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Нұрәлі Әлиев бауыры Айсұлтан Назарбаев туралы әсерлі видео жариялады. Видео Instagram желісіндегі парақшада жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрәлі Әлиев бауыры Айсұлтан Назарбаев туралы әсерлі видео жариялады. Видео Instagram желісіндегі парақшада жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің қымбатты бауырым, дәл қазір мен қандай сезімде екенімді сөзбен жеткізу мүмкін емес! Көп нәрсе айтылмады, көп нәрсе айтқым келеді! Сен менің жадымда мәңгі қаласың! Сені үнемі жақсы көретін боламын!",- деп жазды Нұрәлі Әлиев.

Еске салайық, кеше, 16 тамызда Айсұлтан Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы хабарланған еді. 

Айсұлтан Назарбаев - Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Ол 1990 жылы 26 тамызда дүниеге келген. Айсұлтан Назарбаев Сандхерсттегі Британ корольдік әскери академиясын (2009-2010) және КИМЭП университетінің магистратурасын "бизнес-әкімшілік" мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде Бас барлау басқармасында қызмет еткен.

Футболмен айналысқан, бірнеше қазақстандық және шетелдік клубта, соның ішінде "Портсмута" жасөспірімдер командасында өнер көрсеткен. ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдарымен және Ұлттық қауымдастықтармен байланыс жөніндегі Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети