Әйтімова Назарбаевпен не жайлы сөйлескенін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен не жайлы сөйлескенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен не жайлы сөйлескенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев ант берген соң Нұрсұлтан Назарбаев Бірғаным Әйтімоваға барып, қол алысып амандасқан.

"Нұрсұлтан Әбішұлы келіп амандасты. Оған сәттілік тілеп, оны мақтан тұтатынымызды және әрдайым жанында болатынымызды айттым. Нұрсұлтан Назарбаевтың менімен қол алысып амандасқанынан көзіме жас алғаным сөзсіз", - деді Әйтімова.

Сенатор Назарбаевтың өкілеттігін тоқтатқаны туралы хабардың күтпеген жағдай болғанын айтады.

"Нұрсұлтан Назарбаев үшін бұл шешім өзі айтып өткендей оңайға түскен жоқ. Менің ойымша, бұл еліміздің амандығы, оның гүлденіп, тұрақты дамуы үшін уайымдаған Нұрсұлтан Назарбаевтың жасаған шешімі. Ол өз шешімін қабылдады", - деді депутат.

Бүгін, 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болды. Ант беру рәсімі Мәжіліс ғимаратында Қазақстан Парламенті палаталарының жалпы отырысы барысында өтіп жатыр.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқығы мен бостандығына кепіл беруге, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант беремін", - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев Астананы Нұрсұлтан деп атауды ұсынды

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro