Азамат Әмірғалиев Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азамат Әмірғалиев Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды

Азамат Әмірғалиев Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азамат Әмірғалиев Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Халимеденұлы Әмірғалиев Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Азамат Әмірғалиев 1976 жылы 24 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "халықаралық заңгер" мамандығы бойынша үздік бітіріп, іскерлік әкімшілік магистрі (Британдық Бизнес Мектебі) атанды.

Еңбек жолын 1998 жылы Әділет министрлігі Заңнама және халықаралық құқық департаментінің заң жобалау жұмыстары және құқықтық сараптама басқармасының аға маманы болып бастаған.

2003-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары, Тіркеу қызметі төрағасының орынбасары. 2006-2009 жылдары - Парламент Мәжілісі Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2009-2011 жылдары "Альянс Банк"АҚ Корпоративтік хатшысы болып қызмет атқарды. 2011-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы заң бөлімінің меңгерушісі. Кейін Қазақстан Президенті Іс басқармасы аппаратының басшысы болды (2017 жылдың қаңтарынан бастап).

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети