27 қазан 2020 10:35

Азамат Әмірғалиев әділет вице-министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азамат Әмірғалиев әділет вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Азамат Әмірғалиев әділет вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұның алдында Әмірғалиевтің Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылғаны хабарланған еді.

Азамат Әмірғалиев 1976 жылы 24 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "халықаралық заңгер" мамандығы бойынша үздік бітіріп, іскерлік әкімшілік магистрі (Британдық Бизнес Мектебі) атанды.

Еңбек жолын 1998 жылы Әділет министрлігі Заңнама және халықаралық құқық департаментінің заң жобалау жұмыстары және құқықтық сараптама басқармасының аға маманы болып бастаған.

2003-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары, Тіркеу қызметі төрағасының орынбасары. 2006-2009 жылдары - Парламент Мәжілісі Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2009-2011 жылдары "Альянс Банк"АҚ Корпоративтік хатшысы болып қызмет атқарды. 2011-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы заң бөлімінің меңгерушісі. Кейін Қазақстан Президенті Іс басқармасы аппаратының басшысы болды (2017 жылдың қаңтарынан бастап).

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети