14 қараша 2018 15:32

Азамат Батырқожа "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК басқарма төрағасы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

Директорлар кеңесінің шешімімен Азамат Байқуанышұлы Батырқожа "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


Директорлар кеңесінің шешімімен Азамат Байқуанышұлы Батырқожа "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Азамат Батырқожа 1972 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген.

1993 жылы Н. И. Крылов атындағы Ракета әскерінің Харьков жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін, 2005 жылы "Тұран-Астана" университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Түрлі жылдары корпоративтік секторда, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде, ҚР Ұлттық банкінде, "Қазақтелеком" ААҚ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, ҚР премьер-министрінің Кеңсесінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінде, "Самұрық-Қазына" тұрақты даму қорында жұмыс істеген.

2010-2014 жылдары - Дүниежүзілік банк жобасы "Технологияларды коммерцияландыру" жобаны басқару тобының директоры. 2014-2017 жылдары - ҚР ИДМ технологиялық және инновациялық даму департаментінің директоры. 2017 жылдан бастап қазіргі таңға дейін "Синергия" ғылыми-техникалық орталығы" ЖШС-де директор қызметін атқарған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети