05 маусым 2015 21:52

Азамат Тажаяқов АҚШ-та 3,5 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©wpri.com/AP Photo ©wpri.com/AP Photo

Қазақстан студенті Азамат Тажаяқов Бостондағы лаңкестікті тергеуге кедергі келтіргені үшін АҚШ-та 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Қазақстан студенті Азамат Тажаяқов Бостондағы лаңкестікті тергеуге кедергі келтіргені үшін АҚШ-та 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

2014 жылдың шілде айында АҚШ-та алқа соты Азамат Тажаяқовты лаңкестікті тергеуге кедергі келтірді және осы мақсатта келісім жасады деп айыпты деп тапқан еді. Наурызда қазақстандықтың адвокаттары Жоғарғы сотты студентке тағылған айыптың дәлелінің аз екеніне көндіре алған болатын. 

Ал оған дейін студенттің әкесі Азамат Тажаяқовтың қамауда екі жыл болғанын атап өтті. Ол осы мерзімді жазалау ретінде ұсынып, сотталушыны өз отанына депортациялауға рұқсат етеді деп үміттенген. Прокуратура қазақстандық үшін төрт жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза кесуді талап етті.

Еске салайық, қазақстандық студенттер Диас Қадырбаев пен Азамат Тажаяқов америкалық соттың алдына 2013 жылдың сәуір айында болған Бостондағы лаңкестікке кедергі келтірді деген айыппен келген болатын. Айыптау болжамынша, Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаев ақпарат құралдарынан марафон кезінде лаңкестікке айыпты деп танылған Джохар Царнаевтың суретін көргеннен кейін оның бөлмесінен флэш-жинақтаушы, вазелин, пиротехника және ноутбук салынған қапты алып шыққан. 

2 маусымда Диас Қадырбаев америкалық сот төрелігіне кедергі келтіргені үшін алты жылға сотталған еді. Сотта ол өз танысы Царнаевты танығаннан кейін полицияға телефон соқпағанын мойындады. Сонымен қатар, Диас Қадырбаев Царнаевтың жатақханадағы бөлмесінен заттарды жинағанын, осылайша тергеуге кедергі келтіргенін мойындады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети