29 желтоқсан 2022 14:43

Азаматтарымыз еліміздің алдында жауапты болуға тиіс - Тоқаев

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы азаматтық қоғамның беделін арттыру туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы азаматтық қоғамның беделін арттыру туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз үшін бұл өзгерістерді жалпыұлттық диалог арқылы жүзеге асыру өте маңызды. Осы мәселеге байланысты Парламенттің рөлі әлдеқайда жоғары болмақ. Сондықтан, келе жатқан Парламенттік сайлауға мен өзім Мемлекет басшысы ретінде айрықша мән беріп отырмын. Бұл сайлау еліміздің заңына сәйкес әділ және ашық өтуге тиіс. Жалпы, біз азаматтық қоғамның беделін арттыруымыз керек", - деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың белсенділігі болмаса елдің дамуы мүмкін емес екенін атап өтті.

"Азаматтардың лайықты белсенділігі болмаса, еліміз озық болмайды. Бұл - ақиқат. Дегенмен, азаматтарымыз, ең алдымен, еліміздің алдында жауапты болуға тиіс. Қоғамда заң бірінші орында тұруы керек. Заңның үстемдігі және қоғамдағы тәртіп - еліміздің тұрақтылығының кепілі. Тұрақтылық болмаса, Қазақстан ойдағыдай ілгері баса алмайды. Аймақтағы басты рөлін атқара алмайды. Негізгі мақсатымыз - Әділетті Қазақстанды құру", - деп толықтырды Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети