1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Азаматтық альянс президенті Салтанат Рахымбекова қайтыс болды03 тамыз 2020, 09:35

© strategy2050.kz © strategy2050.kz

3 тамызға қараған түні Қазақстан азаматтық альянсының президенті, экономика ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері, профессор Салтанат Рахымбекова 55 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаза туралы оның күйеуі Төлеутай Рахымбеков Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Менің Салтушам, менің Салтанатым мені мәңгілікке тастап кетті, бізді тастап кетті..." - деп жазды ол.

Салтанат Рахымбекова үш апта пневмониямен күрескен. 11 шілдеде күйеуі жансақтау бөліміне түскенін хабарлаған еді.

"Аты өшкір пневмония менің отбасымнан сырт айналмады. Менің Салтанатым, менің сүйікті Салтушам жансақтау бөліміне түсіп қалды. Дене қызуы 39 және одан жоғары. Дәрігерлер мұны коронавирустан емес дейді, ал мен оларға сенемін. Салтанат жоспарлы емделу курсын өтіп жатқан, сол кезде пневмония анықталды. (...) Сондықтан біздің дәрігерлер, медбикелерден, санитар әйелдерден артық ешкім жоқ екеніне сенімдімін! Мені кешіріңіздер! Мен жеке басыма, отбасыма қатысты ешқашан жарияламайтын едім. Мына вирус ең жақсы адамдарды жалмап бара жатқанын білемін. Денсаулықтан артық ештеңе жоқ. Алла мен аруақтардан бәрі және Салтушам үшін дұға етемін", - деп жазған болатын Төлеутай Рахымбеков.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!